Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Ауруханаға өзі апарғандықтан қасақана өлтірмеген” - Күйеуі ұрып өлтірген Айзат Жұманованың ісіне қатысты тың дерек шықты

“Ауруханаға өзі апарғандықтан қасақана өлтірмеген” - Күйеуі ұрып өлтірген Айзат Жұманованың ісіне қатысты тың дерек шықты

Бұған дейін тергеу оқиғаны “абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу” (ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі) бойынша жүргізген болатын. Алайда қайта өткізілген сот-медициналық сараптама әйелдің өлімі кездейсоқ болмағанын дәлелдеп, іс “Адам өлтіру” (ҚР ҚК 99-бабы) бабына ауыстырылды.

Қайғылы жағдай маусым айында болған. Айзат ауыр соққыдан кейін ес-түссіз күйде табылып, оны күйеуі ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлердің айтуынша, әйел көп қан жоғалтудан және ауыр жарақаттардан жарты сағаттан соң көз жұмған.

Бастапқы тергеу кезінде полицейлер “қасақана ниет болмаған, себебі күйеуі өзі жедел жәрдем шақырған” деген нұсқаны ұстанған. Бірақ кейінгі сараптама бұл тұжырымды жоққа шығарды.

Мамандардың қорытындысы бойынша, марқұмның денесінде көптеген көгерулер, сынықтар және жыртылған жаралар анықталған. Барлық жарақаттар доғал затпен бірнеше рет соққы беруден пайда болған. Сонымен қатар “дене жерге сүйретілген” деген болжам расталмады.

Айзаттың анасы қызының ауыр халде, ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілгенін айтты.

“Қызымды бірден әкелгенде, мүмкін аман қалар ма еді. Бірақ оны ес-түссіз күйінде ғана жеткізді. Сонда да бәрін кездейсоқ жарақат деп көрсеткісі келді”, – дейді марқұмның анасы.

Оқиға қоғам назарын аударған соң, отбасы алғашқы сараптаманың қорытындысымен келіспей, эксгумация жасауға шешім қабылдады. Марқұмның денесі қайта қазылып, Алматыда тәуелсіз сараптама жүргізілді.

Қазір тергеу органдары істі қайта қарап жатыр. Күдікті ретінде әйелдің күйеуі тергелуде. Тергеу барысы облыстық прокуратураның ерекше бақылауына алынған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.