Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мұрнының астынан сөйлеп” - Баян Алагөзованың Тұрарға айтқан сыны талқыға түсті

“Мұрнының астынан сөйлеп” - Баян Алагөзованың Тұрарға айтқан сыны талқыға түсті

Танымал продюсер жобадағы қатысушылардың бірі Тұрарға пікір білдіру кезінде қазіргі жастардың ән айту мәнеріне қатысты ойын ашық жеткізді.

«Дикцияң, сөйлеген сөзің таза, акцентің жақсы. Түсінікті. Қазір мұрын астынан өлең айтатындар көбейіп кетті ғой. "Ешкімді сүймеймін, ешкім ұнамайды" деп, не айтып жатқанын түсінбей қаласың. Біз сияқты ескі адамдар үшін бұл маңызды нәрсе», – деді Баян Мақсатқызы.

Оның бұл сөздері студиядағы Тұрарды сәл ұялтқандай болды – жас орындаушы күлкімен жауап қатты.

Алайда, желі қолданушыларының арасында продюсердің бұл сыны қызу талқыға түсті. Көпшілік Баян Мақсатқызын өзге орындаушыларды сынағаны үшін сынап, түрлі пікірлер қалдырды:

«Кешьюдің әндерін дикциясы керемет болса да, ешкім білмейді»,
«Бағым екеуінің әдеті ғой – біреуді сынау»,
«Бір-бірін мойындамайтындарды неге бір жюриге отырғызады?»,
«Өзі ән айтып жүргендей сөйлейді» – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұқатай продюсерлік еткен “The Voice of Kazakhstan” шоуының жаңа маусымы эфирге шыққалы бері жиі қоғамдық талқыға түсіп жүр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.