Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова жақында жарыққа шығатын жаңа әнінің бейнебаянынан үзінді жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Алайда көпшіліктің қызығушылығын әннің өзінен бұрын клиптегі әншінің киімі тудырды. Мөлдірдің ерекше образы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, оқырмандар екі түрлі пікір білдірді. Бірі әншінің стилін өзгеше деп бағаласа, енді бірі киім таңдауын сынаған.
Желіде жарияланған видеоның астына «Мынау скоро шешіне ме сонда?», «Стилист ауыстыру керек», «Сығанға ұқсап қалыпсың», «Мөлдір қалқам, стилист ауыстырсаңшы», «Басына бір корона жетпей тұр», «Құрсын, мынау не киім?», «Орамалын қашан шешеді?», «Мың қырық жамау», «Оранбай-ақ қойшы» деген пікірлер жазылған.
Осылайша, жаңа туынды әлі толық жарыққа шықпай жатып, оның бейнебаянындағы образ жұрттың назарын өзіне аударды.
Әзірге Мөлдір Әуелбекованың жаңа әні мен клипінің нақты қашан көрерменге ұсынылатыны белгісіз.