Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үстінен қылмыстық іс қозғалды делінген Мұқасан Шахзадаев концертте ән айтып жүр (ФОТО)

Үстінен қылмыстық іс қозғалды делінген Мұқасан Шахзадаев концертте ән айтып жүр (ФОТО)
ашық дереккөзден

9 желтоқсан күні Алматыда ақын Олжас Отардың "Ауырмайды жүрек" атты шығармашылық кеші өтті. Әдебиет пен музыканы тоғыстырған бұл кешке қазақ эстрадасының бірқатар танымал өнерпаздары қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Сахнада Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Қанат пен Света, Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар, Әлішер Кәрімов және Абай Бегей ән шырқады. Кеш барысында ерекше назар аудартқан жайт – үстінен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаевтың да сахнаға шығып, ән айтуы болды.

Ақын Олжас Отар Instagram парақшасында жариялаған видеода Мұқасан Шахзадаевтың көрермен алдында ән салып тұрған сәті анық көрінеді. Сонымен қатар әнші Досымжан Таңатаров та стористерінде Мұқасанмен бірге түскен суретті бөліскен.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер