АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды kznews.kz.
Сауда деректеріне сәйкес, Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін 85 доллардан асып, 2024 жылдың шілдесінен бері алғаш рет осы деңгейге жеткен. ICE биржасында мамыр айындағы Brent фьючерстері 4,45 пайызға қымбаттаған.
Айта кетейік, Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджет болжамында мұнайдың бір баррелі 60 доллар, ал доллар бағамы 540 теңге деңгейінде деп есептелген. Бұл көрсеткіштер экспорттық кірістер мен мемлекеттік шығындарды жоспарлауға негіз болады.