1 млрд $: Үкімет тағы да сырттан қарыз алатын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мұнай бағасы арзандады: Қазақстан экономикасына қауіп бар ма?

Мұнай бағасы арзандады: Қазақстан экономикасына қауіп бар ма?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Әлемдік мұнай нарығында баға күрт төмендеп, Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 80 доллардан төмен түсті.

Соңғы мәлімет бойынша, Brent бағасы 3,8 пайызға арзандап, 79,99 долларға дейін түскен. Бұл наурыз айынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, америкалық WTI мұнайы да 3,9 пайызға арзандап, барреліне 77,61 доллар деңгейінде саудалануда.

Сарапшылар мұндай құлдырауды АҚШ пен Иран арасындағы келісім жөніндегі хабарлармен және әлемдік мұнай тасымалы үшін маңызды саналатын Ормуз бұғазының қайта толық ашылуына қатысты келісімдерді жеделдеуімен байланыстырады. Яғни, нарық қатысушылары мұнай жеткізілімі тұрақтанып, ұсыныс көлемі артады деп күтуде.

Бұған негіз ретінде АҚШ президенті Дональд Трамптың "Үлкен жетілік" саммиті барысында сөйлеген сөзі алынып отыр. Ол Вашингтон мен Тегеран арасында келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеген болатын.

Мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасы үшін де маңызды.

Өйткені, мұнай экспортынан түсетін кіріс мемлекеттік бюджет пен ұлттық валюта тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Егер мұнай бағасының төмендеу үрдісі ұзаққа созылса, бұл бюджет кірістеріне және теңге бағамына қосымша қысым түсіруі ықтимал.

Сонымен бірге жанар-жағармай нарығында бағаның өсу қарқынының баяулауына әсер етуі мүмкін.

Ал қазіргі жағдайда Brent бағасының 80 доллар шамасында болуы Қазақстан үшін әлі де қолайлы деңгей саналады. Негізгі қауіп бағаның қысқа мерзімде емес, ұзақ уақыт бойы 70 доллардан төмен түсіп кетуінен басталуы ықтимал. Сондықтан қазіргі құлдырау әзірге дабыл қағарлық жағдай емес, бірақ мұнайға тәуелді экономика үшін маңызды ескерту сигналы болып отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.