KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Мүмкіндік туды": Шетелдік отбасы асырап алған Жәнібек оқырмандарына жаңалығын айтты

• Қайсар Қанат
Фото-коллаж: Alash.kz

2023 жылы туған анасын іздеу үшін Қазақстанға келген Жәнібек биыл уақытын өзіне арнап, бірнеше сапарға шыққанын айтты. Енді сол кезеңдегі естеліктері мен түсірілген кадрларын біртіндеп жарияламақ.

"Сәлем, қымбатты отбасым! Сендерді күн сайын ойлаймын. Биыл жылдың жартысын өзіме арнауды шештім. Осы уақыт ішінде достарым мені бірге саяхаттауға шақырып, талай жаңа жерді көруге мүмкіндік туды. Өзім де осында шағын сапарларға шығып, көп әдемі сәттерді бастан өткердім. Енді сол сапарларымнан қалған естеліктермен сіздермен де бөліскім келеді. Алдағы жарияланымдарым мен стористерімнің көбі бірнеше ай бұрын түсірілген кадрлар болады. Сондықтан жыл басынан бастап, бәрін ретімен көрсете бастаймын. Қазақстанда жаз да аяқталды. Осылайша, алдағы апталарда менің саяхаттарыммен бірге сол жаздың жылуын сіздерге де аз да болса жеткізе алсам екен деп ойлаймын. Алдағы бірнеше аптада әлі талай қызықты дүниелер болады. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Баршаңызға сағынышпен", — деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →