KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мұхтар Шахановтың отбасы тағы да қара жамылды

Ayzhan Sylanova
Фото: instagram.com/qyzpukz/

Қаралы хабарды Қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай жеткізіп, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, Розалинда Шаханова — ақын, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жұбайы. Төрт жыл бұрын олардың ұлы Рауан Шаханов өмірден өткен еді.

Розалинда Шаханова 1951 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Қыздар педагогикалық университетінде «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алып, 1974 жылы оқуын аяқтаған. Бірнеше жыл бойы мектепте тәрбиеші және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

Ғылым жолына бет бұрған Розалинда Шаханова 1990 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 1993 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, сол жылы доцент ғылыми атағына ие болды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары