«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мұғалімдер мен дәрігерлерді боқтағандардың жазасы қатаңдатылады

Мұғалімдер мен дәрігерлерді боқтағандардың жазасы қатаңдатылады

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар қалай жазаланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Мұқанованың сөзінше, қоғамдық орындарда боқтағаны үшін 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қолданыла бастайды.


Мұндай нормалар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына енгізілген.

Сондай-ақ, вице-министр дәрігерлерге немесе мұғалімдерге тіл тигізгені үшін айыппұл екі есе көп болатынын атап өтті.

"ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабында балағат сөзді отбасында айтқаны үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Ал мұғалімге немесе дәрігерге бағытталған боқтық сөз үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық орында балағат сөз айтушыларға жазаның қатаңдатылғаны 9 қаңтарда белгілі болды.
Автор
Нұрсұлтан