Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақжайық ауылында екі мұғалім суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты

Ақжайық ауылында екі мұғалім суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, отбасымен демалып отырған ер адам өзенде қыздың батып бара жатқанын байқап, көмекке шақырған. Қыздың ағасы бірден суға секіріп, оны жағаға шығаруға тырысқан. Сол сәтте 37 жастағы Қанат Шайхиденов те көмекке ұмтылған. Қыз аман-есен құтқарылғанымен, Қанат Шайхиденов пен қыздың ағасы болған 25 жастағы Бекарыс Амиров жағаға жете алмай, суға кеткен.

Қанат Шайхиденов Ақжайық ауылындағы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Артында жары мен бес баласы қалды, үлкен ұлы аутизммен ауырады, ал кенжесі небәрі үш айлық.

Бекарыс Амиров Астанадағы Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM мектебінде физика пәнінің мұғалімі болған. Жазғы демалысын туған ауылында өткізіп жүрген, тамыз айында үйлену тойын өткізуді жоспарлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе су қоймасында екі кішкентай баланың суға кеткені хабарланған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.