KZNews.kz
Шоу-бизнес

Мөлдір Мұқанова күйеуі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты сұраққа жауап берді

Айжан Сыланова
Фото. Ашықдереккөз

Мөлдір Мұқан бұл туралы «Жетінші арнаның» «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында айтты. Сұхбат барысында ол жеке өмірін жария етпеуге шешім қабылдағанын атап өтті.

– Жеке өмірімді жеке өмір деп қалдырамын деп шештім. Тұрсекеңе қатысты сұрақты оның өзіне қойыңыздар. Өзінің парақшасы, көмекшілері бар. Мен де күтпедім. Бәрі жақсы, – деді ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Тұрсынбек Қабатовқа қатысты түрлі әңгімелер тараған болатын. Алайда әзірге бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →