Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мөлдір Мұқановаға қатысты қуанышты хабар тарады

Мөлдір Мұқановаға қатысты қуанышты хабар тарады
Мөлдір Мұқан. Фото: ашық дереккөзден

Әнші әрі актриса Мөлдір Мұқанова той үстінде ерекше сыйлыққа ие болды. Өнер иесіне бағалы әшекейді тележурналист Гүлбаршын Зайырова тарту еткен.

Мөлдір Мұқанова қуанышын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, мойнындағы әшекейдің түпнұсқа Tiffany бұйымы екенін айтты.

Оның сөзінше, сыйлықтың құны шамамен 33 миллион теңгеге бағаланады.

"Мәә, қатты қуанып тұрмын. Мен үшін де бүгін тосын сый болды. Мойнымдағы әшекейге назар аударайық. Мүшелден мүшелге аман-есен жете бер, әпке! Қатты қуанып тұрмын. Оригинал Tiffany, құны бір машина", — деді өнер иесі.

Жарияланған мәліметке сәйкес, Гүлбаршын Зайырова мүшел жасына толуына орай өзіне тиесілі қымбат дүниені жақын адамына сыйлауды жөн көрген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер