Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығын айтты

Мөлдір Мұқан жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығын айтты
Мөлдір Мұқан. Фото: ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан шығармашылығына қатысты жаңа жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан телехикаяға қатысатынын айтты.

Мөлдір Мұқанның сөзінше, оған сериалға түсу туралы ұсыныс жаз мезгілінде түскен. Ол бұл шақыртуды бірден қабылдағанын жеткізді.

Жаңа телехикаяда өнер иесі Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды. Сериалдың негізгі тақырыбы дәрігерлердің еңбегі, олардың қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне арналған.

"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым. Бұл мен үшін өнер жолымдағы ерекше жобалардың бірі болды. Шақырту келгенде қатты қуандым", – деді Мөлдір Мұқан.

Продюсер жобаның тақырыбы өзіне ерекше әсер еткенін де жасырмады. Оның пікірінше, адамдар дәрігер еңбегінің маңызын көбіне денсаулығына қатысты қиындық туындағанда тереңірек сезінеді.

Мөлдір Мұқан қоғам үшін маңызды тақырыпты көтеріп отырғаны үшін ұлттық арна мен телехикаяның шығармашылық тобына алғысын білдірді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер