Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Баян Алагөзовамен келіспей қалып, басы даудан арылмаған Мөлдір Әуелбекова алғаш рет үн қатты

Баян Алагөзовамен келіспей қалып, басы даудан арылмаған Мөлдір Әуелбекова алғаш рет үн қатты

Әнші Мөлдір Әуелбекова продюсер Баян Алагөзовамен арадағы даудан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Қазіргі таңда еліміздің өңірлерін аралап, гастрольдік сапармен жүрген өнер иесі көрермендердің қолдауы өзіне үлкен күш бергенін айтты. Ол қазақ халқының дархан көңілі мен өнер адамдарына деген құрметіне ризашылығын білдіріп, жұртшылыққа алғыс айтты.

«Қазақтың ұлылығы байлығында емес, жүрегінің кеңдігінде. Өнерді де, өнер иесін де әрдайым жоғары бағалайтын халқымның алдында басымды иемін. Сіздерге ән арнаудан ешқашан жалықпаймын», – деп жазды әнші.

Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова мен Баян Алагөзова арасындағы келіспеушілік сәуір айында көпшілік талқысына түскен еді. Дауға әншінің КешYOU тобының мерейтойлық концертіне қатыспайтынын мәлімдеуі себеп болған. Кейін ол шығармашылық жолындағы 22 жылдыққа арналған жеке концертін жариялаған. Бұл қадамға продюсер сын айтып, әлеуметтік желіде өз пікірін ашық білдірген болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.