Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Moderna мен Pfizer вакциналарының тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді

Moderna мен Pfizer вакциналарының тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді

Pfizer және Moderna фирмаларының коронавирусқа қарсы вакциналарының тиімділігі дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері арасында жүргізілген зерттеуде дәлелденді.



АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылауда ұстау жөніндегі федералдық орталығының (СDC) дүйсенбіде таратқан есебінде осылай делінген.

Екі вакцинаның тиімділігі 90 пайыз болған. Вакцинаның екі дозасының алғашқысы ауруды 80 пайызға тежеген. Екі вакцина да екі дозаға бөліп салынады.

Үш айдың ішінде зерттеуге қатысқан шамамен үш мың адамға вакцина салынып, солардың 11-і ғана коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Мұндай мәлімет вакцинаның клиникалық сынақ кезінде алынған нәтижені растайды. Зерттеу бұл вакциналардың британ мутациясын да тежейтінін дәлелдеді.

"Зерттеулер үміт сыйлады. Коронавирустан мейлінше қорғану үшін вакцинаның екі дозасын қабылдау маңызды екенін көрсетті", - деді СDC басшысы Рашел Валенски.

Америкалықтардың 29 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырған.


Автор
Еркебұлан