Қазақстан “Еуропа қыпшақтарынан” жеңіліп қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мобильді аударым бойынша белгіленген шектен қанша адам асқаны белгілі болды

Мобильді аударым бойынша белгіленген шектен қанша адам асқаны белгілі болды
Фото © Tengrinews.kz

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдар бойынша белгіленген шектен 115 мың адам адамның асқанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, азаматтарға тиісті хабарламалар жіберілген.

«Біз 10 банкпен жеке тұлғалардың аударымдарын талдадық. Нәтижесінде үш ай ішінде 100-ден астам аударым қабылдап, олардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асқан 115 мың адам анықталды. Бұл тұлғалардың есепшоттарына жалпы көлемі 1 трлн теңге түскен. Қаражаттың негізгі бөлігі жеке тұлғаларға тиесілі», – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ Қазақстанда тұрмайтын 7800 шетел азаматы да мобильді аударымдар алған. Осыған байланысты олар бойынша бақылау күшейтілген.

«Бұл қаражаттың қайдан келгенін және қайда жұмсалғанын анықтаймыз. Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер де бар. Олар бойынша сома шамамен 200 млрд теңгені құрайды. Барлығына хабарлама жіберілді. Мақсат – жазалау емес, жағдайды түсіндіру. Анықталғандардың арасында такси қызметімен айналысатындар мен курьерлер өте көп», – деді министр.

Еске салайық, 1 қаңтардан бастап банктер мобильді аударымдар туралы мәліметтерді салық органдарына жолдай бастады. Мемлекет жеке карталар арқылы төлем қабылдайтын, бірақ ресми тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтап, көлеңкелі экономиканы азайтуды көздейді.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі