НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Аралас жекпе-жек (MMA) шеберлері Эдер Лопес және Диего Невеш бірін-бірі нокдаунға түсірді. Видео TwitterMikeyThomas желісінде жарияланды.
Жекпе-жекті Португалиядағы ECE промоушені ұйымдастырған. Қос спортшы арасындағы жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Олар ашық шабуылға шығып, бірін-бірі нокдаунға жіберді.
22 жастағы Лопес соққыдан кейін бірден орнынан тұрса, 31 жастағы Невеш ес жия алмады.