KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Миы шайқалып, ауруханада жатыр": Алматыда балабақша тәрбиеленушілері қатарластарын аямай соққыға жықты (видео)

KZNEWS

Алматыдағы #51 балабақшада балалардың қатарластарын аяусыз ұрып-соққан бейнежазбасы тарады. Кадрлардан баланы басқа тәрбиеленушілердің тоқпақтап, теуіп жатқанын аңғаруға болады. Баланың ата- анасының айтуынша оқиға 21 ақпанда орын алған.

"Ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Оны ұрып-соғу шамамен бес минутқа созылған. Балалар ол кезде тәрбиешінің қарауынсыз қалған. Ұлым қазір миы шайқалып ауруханада жатыр. Балалардың қатыгездігіне шек жоқ. Оларға ата-анасы осындай тәрбие берді ме? Видеоны көргелі бері есімізді жия алмай жүрміз. Ал тәрбиеші ұлымыздың соққыға жығылғанын бірден байқамаған. Кейіннен ол балаңыз өзін-өзі ұрған деп айтты", - деді баланың ата-анасы.

Бірақ жағдай түскі ас кезінде орын алғандықтан, тәрбиешілер мұны байқамай қалған көрінеді.
"№51 бөбекжай-балабақшасында болған оқиға бойынша, алынған түсіндірмеге сәйкес, тәрбиеші осы сәтте балаларға түскі ас алған басқа бөлмеде болғанын хабарлайды. Сондықтан балабақша тәрбиеленушілерінің мінез-құлқын бақылай алмады. Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен бұзушылықтар үшін тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары