SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда 10 жастағы балаға жасалған қатыгездікке байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Жәбірленуші оқушы қазір нейрохирургия бөлімінде, дәрігерлер оған ми шайқалуын диагноз қойған. Бұл туралы баланың анасы хабарлап, жағдайды Jagdai басылымына баяндаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, үш оқушы сабақтан кейін мектеп қақпасының жанында ұлын аңдып тұрған.
Анасы балалардың алдын ала келісіп, рөлдерді бөліп алғанын айтады:
«Біреуі жалғыз ұстай алмайтынын біледі — ұлым каратэге барады. Сондықтан екеуі ұстап тұрып, үшіншісі ұрған», — дейді ол.
Шабуыл жасағандардың ата-анасы арасынан тек бір отбасы ғана кешірім сұраған. Қалғандары жараланған баланың жағдайына мүлдем қызықпаған. Қарағанды облыстық ПД дерегінше, 28 қарашада баланың анасы полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары үш қатысушының да жеке тұлғасын анықтады — барлығы 9 жаста. Олар ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілді. Жанжал сабақтан кейін, мектеп аумағынан тыс жерде болған.
Балалардың ата-анасына қатысты «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындалмауы» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал құқықбұзушылық профилактикасы кеңесінде қаралды. Үш баланың да аты-жөні мектептің ішкі есебіне енгізілді, олармен профилактикалық жұмыс күшейтіледі.