Шоу-бизнес

Мирас Жүгінісов ағасы үшін халықтан кешірім сұрады

Мирас Жүгінісов ағасы үшін халықтан кешірім сұрады
Коллаж: kursiv.media

Әнші соңғы күндері әлеуметтік желілерде қызу талқыланған жағдайға орай үн қатып, нәзік жандылардан кешірім сұрады.

 «Соңғы күндері ағамның пікірі кейбір адамдардың көңіліне тиді. Ол – жеке тұлға, өз ойын білдірді. Ал менің өз жолым, өз ұстанымым бар. Отбасымды құрметтеймін, бірақ олардың әрбір пікірімен келісемін деу қиын. Кейде осыдан келіспеушіліктер туады. Ашығын айтсам, бұл тақырыпқа пікір білдірем деп ойламаған едім. Бірақ мен не айтқым келгенін сіздер түсіндіңіздер деп сенемін», – деді Мирас Жүгінісов.

Ол өзінің шығармашылығы әйел адамға құрмет көрсетуге негізделгенін атап өтті.

«Нәзік жандыларға арналған әндерім бар. Өйткені әйел адамның орны мен үшін ерекше. Бұл жағдайдан кейін көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын. Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін өте маңызды», – деді әнші.

Айта кетейік, соңғы күндері Ақтөбедегі «Нұр-Ғасыр» мешітінде болған харассмент оқиғасы қызу талқыланып жатыр. «Бір реттік некеге ұсыныс алдым» деген блогер қыздың мәлімдемесіне орай, көптеген танымал адамдар өз пікірін білдірген. Мирас Жүгінісов те бұл жағдайға қатысты блогерге қолдау білдіретінін жеткізді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz