«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлік ресейлік көлікпен жүрген жүргізушілер не істеу керек екенін айтты

Министрлік ресейлік көлікпен жүрген жүргізушілер не істеу керек екенін айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

45 0 0

Ресей көлігін тізгіндегендер Қазақстанға кірген сәттен бастап бір жыл бойы ел аумағында жүре алады, кейін ең кемі 30 күнге елден шығып, сенімхат мерзімін ұзартуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ресейлік нөмірмен жүрген жүргізушілер істеу керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда сенімхатпен жүрген Ресей көліктеріне тоқталсақ. Заң бойынша бұл автокөліктер – халықаралық қозғалыс режимінде. Мұндай көліктер ел аумағына кірген сәттен бастап Қазақстанда бір жыл бойы жүре алады. Осыдан кейін сенімхат мерзімін созу үшін кем дегенде 30 күнге елден шығуы керек. Немесе Ресей не Қазақстан аумағында көлікті өз атына қайта рәсімдей алады", - деді Қожаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео

Еске сала кетсек, Қазақстанда жаңа жылдан бастап армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Оған сәйкес, көлік иелері тіркеуден өтуі тиіс.

Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде тіркеу керек.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан