Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Министрлік "Қара бүркіт" колониясында коронавирустың анықталуына байланысты мәлімдеме жасады - Қазақстан жаңалықтары

Министрлік "Қара бүркіт" колониясында коронавирустың анықталуына байланысты мәлімдеме жасады - Қазақстан жаңалықтары

ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясында коронавирустың таралуы туралы түсніктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Осы колонияның 19 қызметкерінен инфекция анықталды. Олардың барлығы оқшауланды. Колонияның жанында арнайы ғимарат бар, сол жерге провизорлық орындар жасақталды», - деді вице-министр

Сөзінше, індетті жұқтырғандар түрме аумағына кірмепті. 

«Сотталғандармен байланыста болмаған. Егер де осындай жағдай орын алып, сотталғандарда індет анықталса, онда олар емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом қабылдайтын болады. Колония ішінде провизорлық орындар дайындалады», - деді Бюрабекова.

Бүған дейін "Қара бүркіттің" 19 қызметкері коронавирус жұқтырғаны жайлы айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан