KZNews.kz
Шоу-бизнес

Министрлер Сапархан Омаров пен Бақыт Сұлтанов азық-түлік сатып ала ма деген сұрақтарға жауап берді - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Министрлер Сапархан Омаров пен Бақыт Сұлтанов азық-түлік сатып ала ма деген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпарат" сайтына сілтеме жасап.

"Менің көмекшілерім азық-түлік сатып алмайды, олардың өз жұмыстары бар. Әйелім бәрін өзі сатып алады, бірақ кейде жұмыстан кейін мен үйдің жанындағы дүкеннен сүт пен нан сатып аламын", - деді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ОКҚ-да журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Өз кезегінде сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов супермаркеттерге баратынын айтты.

"Қазір мен қай дүкеннен азық-түлік алатынымды жарнама болмас үшін айта алмаймын - баратын дүкен үлкен. Мен оған соңғы рет бардым, бірақ жүргізуші ретінде. Өнімнің бағасын айта алмаймын, әйелімді алып кетіп, бағаларға мән бермедім", - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.


 


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →