Есептеу кезінде министрдің жалақысы, отбасы мүшелерінің табысы мен мүлкі ескерілген, деп хабарлайды kznews.kz.
Ертаевтың айтуынша, ай сайынғы жалақысы — 1,2 млн теңге. Жұбайы жұмыс істемейді. Төрт баласы бар, оның ішінде ересек екі ұлы айына 600 мың және 400 мың теңге табады. Осылайша, калькуляторға отбасының жалпы айлық табысы ретінде 2,2 млн теңге енгізілген.
Министр Астанада ауданы 100 және 60 шаршы метр болатын екі пәтері, сондай-ақ 2013 жылғы Toyota Camry автокөлігі бар екенін айтқан. Сөзінше, бизнесі мен жер телімдері жоқ.
Осы мәліметтерді өңдеген калькулятор министрдің отбасын әл-ауқаттың ауқатты деңгейін білдіретін B санатына жатқызған.
Алдағы уақытта сервисті eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасында іске қосу жоспарланып отыр. Пайдаланушылар отбасы туралы деректерді енгізіп, тұрмыс деңгейінің алдын ала бағасын біле алады. Сервис анонимді болады деп мәлімделді.