Бойжеткенге "қырыңдаймын" деп артынан аңдыған астаналық 10 тәулікке қамалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Министр қаншалықты ауқатты? Жаңа калькулятор Ертаевтың отбасы табысын есептеп көрді

Министр қаншалықты ауқатты? Жаңа калькулятор Ертаевтың отбасы табысын есептеп көрді
Фотоиллюстрация: Kznews

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың отбасы әл-ауқат калькуляторы бойынша B санатына — ауқатты отбасылар қатарына кірді.

Есептеу кезінде министрдің жалақысы, отбасы мүшелерінің табысы мен мүлкі ескерілген, деп хабарлайды kznews.kz.

Ертаевтың айтуынша, ай сайынғы жалақысы — 1,2 млн теңге. Жұбайы жұмыс істемейді. Төрт баласы бар, оның ішінде ересек екі ұлы айына 600 мың және 400 мың теңге табады. Осылайша, калькуляторға отбасының жалпы айлық табысы ретінде 2,2 млн теңге енгізілген.

Министр Астанада ауданы 100 және 60 шаршы метр болатын екі пәтері, сондай-ақ 2013 жылғы Toyota Camry автокөлігі бар екенін айтқан. Сөзінше, бизнесі мен жер телімдері жоқ.

Осы мәліметтерді өңдеген калькулятор министрдің отбасын әл-ауқаттың ауқатты деңгейін білдіретін B санатына жатқызған.

Алдағы уақытта сервисті eGov порталы мен eGov Mobile қосымшасында іске қосу жоспарланып отыр. Пайдаланушылар отбасы туралы деректерді енгізіп, тұрмыс деңгейінің алдын ала бағасын біле алады. Сервис анонимді болады деп мәлімделді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.