Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Министр Балаева Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік көрсеткен әуе компаниясы туралы пікір білдірді

Министр Балаева Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік көрсеткен әуе компаниясы туралы пікір білдірді

Министр Аида Балаева бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бибігүл Төлегенованы Air Astana әуе компаниясының бортына отырғызу кезінде болған өте ыңғайсыз жағдай мені де қатты алаңдатты. Әуе компаниясы бұл мәселеге қатысты түсініктеме беріп, әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелерін еске салды. Әрине, ұшақтың және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ережелер қатаң сақталуға тиіс. Дегенмен әуе компаниясымен пікір қайшылығына бармай-ақ, болған жағдайға байланысты өз ойымды білдіргім келеді. Нақтырақ айтқанда, әуе компания мен оның қызметкерлері ішкі нұсқаулықтардан бөлек, қарапайым этиканы, адами қарым-қатынасты сақтап, өз клиенттеріне құрметпен қарауы керек деп есептеймін. Әсіресе жасы үлкен жолаушыларға, Отан алдында айрықша еңбегі бар адамдарға ерекше құрмет көрсетілуге тиіс", - деп жазды Аида Балаева.
Автор
Әлихан

Журналист