Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Министр «2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімдерге арналғанын айтты - Қазақстан жаңалықтары

Министр «2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімдерге арналғанын айтты - Қазақстан жаңалықтары

Еліміздегі жаңадан іске қосылған «2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімдерге арналғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып кетті.  

«11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында баспана құрылысындағы мәселелерді шешу, оның ішінде «Отбасы банк» ұлттық институтын құру туралы тапсырма берілді. Оның басты идеясы - баспанасы жоқ әрбір қазақстандықтың орталыққа жүгініп, өз табысына сәйкес қолжетімді баспана алу мүмкіндігі. Іріктеу азаматтардың санатына қарай емес, нақты табысына қарай жүргізіледі», - деді министр. 

Шенеуніктің сөзіне сүйенсек, бірінші топқа табысы аз отбасылар кіреді екен. 

«Отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 200 теңгеден келетін отбасы арендалық баспананы алады. Отбасының әр мүшесіне күнкөріс деңгейінің екі есе көлемі - 62,4 мың теңгеден келсе, олар «2-10-20» бағдарламасымен 2% баспана ала алады. Әр адамға күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінде - 96 700 теңгеден келетін табысы бар азаматтар 5-10-20 бағдарламасымен баспаналы болу мүмкіндігіне ие. Ал күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінен де жоғары табыс түсетін отбасы - 7-20-25 бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерде пәтер алады, бұл - нарықтық ипотека», - деп қосты Атамқұлов.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан