KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Міне, азамат!»: Баян Алагөзова «нағыз еркек» деген атқа лайық ер адамдарды айтты

Torgyn Abushakhman

Танымал продюсер Баян Алагөзова мен қызы Айсәуле Бақытбек шоу-бизнес жұлдыздарының “green flag” жұптарын атады, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі продюсер Баян Алагөзова мен оның қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде шағын “эксперттік сағат” өткізіп, қазақстандық шоу-бизнес әлеміндегі «green flag» саналатын жарасымды жұптардың тізімін жасады. Екеуінің пікіріне желі қолданушылары ерекше қызығушылық танытты, себебі олар шоу-бизнестің ішкі ортасын жақсы білетін, әр әртіспен жеке араласатын адамдар.

Айсәуле мен Баян ұсынған тізімге төмендегі жұптар енгізілді: Тимур Балымбетов пен Лаура, Әлем мен Вероника, Серік пен Гаухар Әкішевтар, Ақан Сатаев пен жары Альмира.

Әрине, өздерін де назардан тыс қалдырмай, тізім соңында: Баян мен Тұрсын, Айсәуле мен Алишер
жұптары да “green flag” деп аталды.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары