ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ӘЧ-2026 финалында жеңілген Месси жанкүйерлерге үндеу жасады

ӘЧ-2026 финалында жеңілген Месси жанкүйерлерге үндеу жасады
фото: ашық дереккөз

Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасап, турнир бойы көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

"Жеңіліс жаныма қатты батып тұр, бұл жараның жазылуы үшін уақыт керек. Солай болса да, жадымда тек жақсы сәттерді сақтаймын... Біз бар күш-жігерімізді салып, ойын тағдырын өзгерткен матчтер есімізде мәңгі қалады. Бүкіл елдің қолдауы мен команданың қажырлы еңбегінің арқасында біз тағы да әлемнің үздіктерінің қатарынан көріндік.

Бүгін біз қол жеткізген жетістікті толық бағалау қиын, дегенмен бұл команда екі рет қатарынан әлем чемпионатының финалына шықты. Әрбір жылы лебіздеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз тағы да тұтас ел болып бірігіп, аргентиналық болғанымызды мақтан тұта алдық. Сондай-ақ Испанияны чемпиондығымен құттықтаймын", - деп жазды Месси Instagram парақшасында.

ӘЧ-2026 финалында Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, 2022 жылы Қатарда жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.

39 жастағы Месси турнирде сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Сұрмергендер жарысында ол он гол соғып, төрт нәтижелі пас берген француз Килиан Мбаппеге жол берді

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.