«Жетісу» футболшыларының ұятсыз әрекеті жабайылық па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады

Месси Испаниямен өтетін финал алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластары мен жанкүйерлеріне арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Осы жылдардағы ең керемет нәрсе - жеңіп алған атақтарымыз ғана емес, бірге жүріп өткен жолымыз. Осы командамен өткізген әр күніміз, бірге қатысқан жарыстарымыз, еңсерген қиындықтарымыз және әрбір сәттен алған ләззатымыз ерекше болды.

Әрбір командаласыма, бапкерлер штабына және құрамамыздың бір үлкен отбасы болып қалуы үшін күн сайын барын салып жүрген барлық адамға алғыс айтамын.

Қалай болғанда да, бұл команда біз ешқашан ұмытпайтын әрі ешкім өшіре алмайтын тарихты жазып үлгерді. Алға, Аргентина!" - деп жазды Месси әлеуметтік желідегі парақшасында.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.