Танымал ұстаз Нұрлан имамның қызы әкесімен бірге өткізген сәтінен видео бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Анипа Нұрланқызы жариялаған кадрларда әкесімен шахмат ойнап отырғаны көрінеді.
Желі қолданушылары қыздың әкесіне қатты ұқсайтынын жарыса жазды.
Сонымен қатар, пікір білдірушілердің бір бөлігі Нұрлан имамды сынға алды. Олар оның бұған дейін «үйім жоқ, мешітте тұрамын» деген сөзіне қарамастан, жағдайының жақсы екеніне таңданыс білдірді.
Пікірлер арасында: «Үйім жоқ деп жүріп, жағдайын жасап алған екен», «Ставкасын көтерген сияқты», «Мешітте тұрады деуші еді», «Ертегіні жақсы айтады», «Әкесінен аумай қалған» деген жазбалар кездеседі.