Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мен үшін тозақ жоқ”: Баян Алагөзова дін туралы жазбасымен желіде талқыға түсті

“Мен үшін тозақ жоқ”: Баян Алагөзова дін туралы жазбасымен желіде талқыға түсті
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында дін тақырыбына қатысты ойын ашық айтып, көпшіліктің назарын аударды. Ол діни насихаттан шаршағанын айтып, жұмақ пен тозаққа байланысты жеке көзқарасын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Алагөзова өз жазбасында тозақпен қорқытудың қажеті жоқ екенін айтып, мұндай түсінікке сенбейтінін жеткізді. Сондай-ақ жұмақтың бар екеніне қатысты да нақты көзқарасын білдіріп, бұл туралы ешкімнің оны өз көзімен көргенін дәлелдей алмайтынын жазған.

Продюсер бұған қоса жұмақта ер адамдарды «72 пәк қыз» күтетіні туралы кең тараған түсінікке тоқталып, бұл мәселеге ирониялық сұрақ қойды. Оның бұл пікірі әлеуметтік желіде түрлі реакция туғызды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Алагөзованың сөзін сынаса, енді бірі оның жеке пікірін ашық айтуына түсіністікпен қарады. Осылайша продюсердің дінге қатысты жазбасы қызу пікірталасқа ұласты.

Айта кетейік, Баян Алагөзова бұған дейін де діни тақырып пен қоғамдағы діни ұстанымдарға қатысты пікірлерін бірнеше рет жариялаған. Мәселен, жақында ол Оралдағы ерлер мен әйелдер бөлек отырған тойға қатысты өткір ойын білдірген еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.