KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

«Менің Олимпиада чемпионым!»: Айсұлу Мырзағалиева Шайдоровқа әсерлі құттықтау жолдады

• Дархан Тоқан
kznews.kz коллажы

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровтың тарихи жеңісінен кейін оның сүйіктісі Айсұлу Мырзағалиева әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Гимнаст-спортшы парақшасында Михаилдың жетістігіне шын қуанып отырғанын айтып, сүйіктісіне мақтаныш сезімін жасырмады. Ол қысқа да нұсқа құттықтауында:

«Менің Олимпиада чемпионым! Сөз жоқ, сен ең үздіксің, әрқашан кереметсің!» – деп жазған.

Жазба көпшіліктің де ықыласына бөленіп, желі қолданушылары жұпқа жылы лебізін білдіріп, Михаилдың жеңісін Айсұлумен бірге атап өтуде.

Айта кетейік, Айсұлу Мырзағалиева – танымал гимнаст. Ол Азия чемпионы атанып, Әлем кубогында бес мәрте жүлдегер болған.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →