Украинада Нұрлан Сабыровқа қарсы қылмыстық іс қозғалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Сен ең үздіксің”: Гимнаст Айсұлу Мырзағалиева сүйіктісі Михаил Шайдоровқа ерекше жазба арнады

“Сен ең үздіксің”: Гимнаст Айсұлу Мырзағалиева сүйіктісі Михаил Шайдоровқа ерекше жазба арнады
Фото: ашық дереккөзден

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жеңіске жеткеннен кейін оның сүйіктісі Айсұлу Мырзағалиева ерекше жазба арнады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның жазбасының астына әлеуметтік желі қолданушылары риза болып, Айсұлуды да Михаилдың тарихи жеңісімен құттықтауда.

“Менің Олимпиада чемпионым! Сөз жоқ, сен ең үздіксің, әрқашан кереметсің!”, – деді ол.

Айта кетейік, Михаил Шайдоровтың сүйіктісі Айсұлу Мырзағалиева танымал гимнаст. Ол Азия чемпионы және Әлем кубогінің 5 дүркін жүлдегері.

Айсұлудың бұл жазбасының астына жанкүйерлер екі жасқа бақыт тілеп, ризашылықтарын білдіруде.

“Ооо біздің чемпионымыздың қызы қандай әдемі. Екеуіңе бақыт тілеймін!”, “О бұл орасае еңбектің нәтижесі. Сенің қолдауың бәрінен ерекше”, “Қандай керемет жұп?! Бақытты болыңдар!”, “ Біздің чемпион сенімді қолда екен. Чемпиондар әулеті болыңдар!”, “ Айсұлу сені шын жүректен құттықтаймыз!”, – деген жылы лебіздер толассыз жазылуда.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.