Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында өнердегі бауырына қатысты ренішін білдірді. Әнші мәселені жұмбақтап жеткізбейтінін айтып, қажет жағдайда ойын ашық жазуға мәжбүр болатынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz
Өнер иесі жазбасында Бекболат есімді азаматқа ескерту жасап, онымен арадағы жұмыстарын тоқтатқаннан кейін өзінің таныстарын мазаламауды сұраған. Әнші олардың өзіне қатысты адамдар екенін айтып, Бекболаттың олардан көмек сұрап жүргенінен хабардар болуы керегін жазды.
«Мен арқылы танысқан адамдарды мазалама деп! Иә, адамның күні адаммен. Суға батып бара жатсаң, маған бір ауыз ескерт. Мен бармын! Тірімін, шүкір! Олар менің таныстарым, сенің олардан не өтініп, не сұрап жүргеніңді мен білуім керек», – деді Меруерт Түсіпбаева.
Сондай-ақ әнші Үрімшіге барған кезінде өзінің профессор сіңлісі де Бекболаттың шаруаларына көмектескенін атап өтті. Ол бұдан былай өзінің аты мен таныстарын пайдаланбауды сұрап, ренішін ашық білдірді.
«Мені ақымақ (лох) көргенді мен ұнатпаймын! Сені көрмегелі көп айдың жүзі болды ғой! Өз жайыңмен жүрші, айналайын-ау! Мені ұмытшы, менің атымды атап, менің таныстарымды пайдаланбашы! Аман болшы, әкетай!» – деп жазды әнші.
Меруерт Түсіпбаева жазбасының соңында бұл сөздерінің Бекболат Тілеухановқа қатысы жоқ екенін арнайы атап өткен.
Осыдан кейін желі қолданушылары әншінің жазбасында сөз болған Бекболаттың кім екеніне қызығушылық танытып, түрлі болжам айта бастаған. Алайда әншінің өзі оның нақты кім екенін жарияламаған.