Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Мені талаңдар": Жандарбек Бұлғақов сын айтамын деп басы дауға қалды

"Мені талаңдар": Жандарбек Бұлғақов сын айтамын деп басы дауға қалды
kznews.kz коллажы

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде әнші Yenlik орындайтын BIPL әніне қатысты айтқан сынынан кейін туған дауға байланысты түсініктеме берді. Бұл туралы Turkystan.kz жазды.

Ақын Threads желісіндегі жеке парақшасында тараған пікірлерге жауап беріп, бастапқыда қойылған сұрақ тек әннің мазмұнына қатысты болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, пікір білдіргендердің бір бөлігі шығарманы түсінгенін немесе түсінбегенін байыппен жеткізген.

"Threads парақшам кәдімгідей қызу талқылауға түсіп кетіпті. Ал, "талаңдар мені", қазір жауап берейін. Бірінші қойылған сұрақ – "Бұл қай ән? Кім не түсінді?" болды. Кейбірі "Бұл – Еңліктің әні, мағынасы осындай" десе, енді бірі "Мүлде түсінбедім" деп салқынқанды пікір қалдырды. Негізгі мәселе осымен аяқталған", – деп жазды ол.

Сонымен қатар айтыскер өзіне тағылған «қыз баланы сынады» деген айыптаулармен келіспейтінін жеткізді. Оның айтуынша, сөз өнерпаздың жеке болмысына емес, тек шығарма мазмұнына қатысты айтылған.

"Өнерпаздың жынысы, сырт келбеті, тұлғасы немесе әншілік қабілеті туралы бір ауыз сөз болды ма? Әңгіме тек тақырып пен мәтін жөнінде емес пе?" – деп түйіндеді ақын.

Айта кетейік, желі қолданушылары ақынның бұл жауабына да түрлі көзқарас білдіріп, пікірталас әлі де жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер