Видеоны желідегі парақшасында бөліскен Дәулет Мукаев «Соңына дейін көріңіздер. Біраз күліп те алдым... Негізі күлетін нәрсе емес. Жылау керек! Олар үшін мен ұялып отырмын. Қайырлы түн!» деп жазды ол. Желі қолданушылары да депутаттардың 4-5 сөйлемді қазақ тілінде жөндеп айта алмағанына ашуға мінді. «Мен бұларға дауыс беруге ант етемін», «Жүректен шығатын сөздерге бүйректен сирақ шығарып отырған осыларға бала-шағамыз бен болашағымызды қалай сеніп тапсырамыз????», «Мынадан кейін күліп ұйықтаймыз ба? Жылап ұйықтаймыз ба? Ең бастысы еліміз тыныш, халқымыз аман болсынша» деп жазды желі қолданушылары.Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жандарбек Бұлғақов: Халыққа адал қызмет етемін дейсіздер. Бірақ халықтың тілінде сөйлей алмай жатсыздар