Жұмыс іздеп жүрген азамат құлдыққа қалай түскенін айтып берді (ВИДЕО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Мен сотқа беруім де мүмкін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға жауап берді

«Мен сотқа беруім де мүмкін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға жауап берді
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Заңгер Мейірман Шекеев әнші Аша Матайдың өзіне қатысты айтқан пікіріне жауап беріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz, qaz.inform-ге сілтеме қалдыра отырып.

Шекеевтің айтуынша, Аша Матай оның сөзін дұрыс түсінбеген.

«Кейбіреу деп кемсіткенін естідім. Бірақ Аша Матай менің айтқанымды дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің бұл жерге қандай қатысы бар екенін де түсінбедім», - деді ол.

Заңгер бұл мәселеге қатысты алдағы уақытта толық жауап беретінін де айтты.

Сондай-ақ ол өз сөзінің бұрмаланғанын айтып, тіпті сотқа жүгінуі мүмкін екенін жеткізді.

«Мен бұл мәселеге толық жауап беремін. Тіпті Аша Матайды менің сөзімді бұрмалағаны үшін сотқа беруім де мүмкін», - деді Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай жария пікірталасқа қатысудан бас тартып, мұны тәрбиесімен және ер адамдармен сөз таластырғысы келмейтінімен түсіндірген еді. Осыдан кейін екі тараптың арасында әлеуметтік желіде пікірталас жалғасып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер