Харри Кейн «Алтын допты» иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Менен келіп көмек сұрады»: Көріпкел Каспийде қаза тапқан 14 сарбаз туралы айтты

«Менен келіп көмек сұрады»: Көріпкел Каспийде қаза тапқан 14 сарбаз туралы айтты
ашық дереккөз

Көріпкел олардың үсті су болғанын және өзіне көмек сұрап келгенін айтты.

Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Ақтаудағы қайғылы оқиғаға қатысты әңгімесін бөлісті. Оның айтуынша, қаза тапқан сарбаздар түсіне кіріп, көмек сұраған, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақгүл Есетқызының сөзінше, ол түсінде сарбаздардың қатты тоңып, дірілдеп тұрғанын көрген. Көріпкел олардың үсті су болғанын және өзіне көмек сұрап келгенін айтты.

«Өлген сарбаздар келіп менен көмек сұрады. Қатты тоңды, үстілеріне құрғақ орамал жапқым келді. Үстері малмандай су. Мен бұл әңгімені еш жерге жазған жоқпын. Адамдар қорықпасын дедім. Олардың аузы ине-жіппен тігулі тұрды», – деді ол.

Сондай-ақ көріпкел түсінде көрген сарбаздар өздерінің қайтыс болғанын түсінбегенін жеткізді.

«Тірілер мен өлілер әлемінде заңдылық бар. Оларды естисің, бірақ сөйлесе алмайсың. Олар өздерінің өліп қалғанын да түсініп тұрған жоқ. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар қайталанады», – деді Ақгүл Есетқызы.

Айта кетейік, 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт бұзылып, 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың үшеуі аман қалып, 14 сарбаз қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі