Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Мендей қорлық көрмеңдер": Ұлынан зәбір көрген қарияны немересі үйіне алып кетті

"Мендей қорлық көрмеңдер": Ұлынан зәбір көрген қарияны немересі үйіне алып кетті
ашық дереккөзден

Атырау облысы Сағыз ауылында ұлынан зәбір көргені айтылған 89 жастағы тыл ардагері Әділхан Сисенов қазір немересі Нұрбақыт Ақниетқызының қамқорлығында, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін БАҚ-та 1937 жылы туған қарияны кенже ұлы ұрып-соғып, үйде скотчпен байлап тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Кезінде совхозда 40 жыл бойы басшылық қызмет атқарған ақсақал бүгінде қалада тұратын немересінің үйіне көшіріліп, күтімге алынған.

Нұрбақыт Ақниетқызы әлеуметтік желідегі оқырмандарының сауалына жауап беріп, бұған дейін ауылға тек амандасып қайту үшін барып жүргенін айтты. Сол себепті үй ішінде не болып жатқанын жақындарының өзі толық білмеген.

Немересі Instagram парақшасында видео жариялап, бұл оқиға бір ғана адамның емес, тұтас әулеттің жүрегіне түскен ауыр жара екенін жеткізді.

"Кейде өмір адамға ең ауыр сабақты бөтеннен емес, өз қаныңнан береді. Бір әкенің маңдай терімен өсірген 8 ұлы мен 4 қызы, бір шаңырақтан тараған үлкен әулет, бір дастарханда отырған бауырлар... Ал бүгін сол әулеттің жүрегі қан жылап отыр", – деп жазды ол.

Нұрбақыттың айтуынша, жасы 90-ға таяған қария өмір бойы балалары мен немере-шөбересінің қызығын көруді армандаған. Қартайған шағында өз балалары сүйеніш болады деп сенген.

Ол атаны әулеттің тамырына, шаңырақтың шырағына және ұрпаққа аманат болған тұлғаға теңеді.

"Атаға түскен ауырлық – бір адамның ғана қайғысы емес. Ол – тұтас әулеттің жүрегіне түскен жара. Біз бұл видеоны ешкімді қаралау үшін емес, әр адамның жүрегіне ой салу үшін бөлісіп отырмыз", – деді немересі.

Нұрбақыт Ақниетқызы мұндай жаста адамға байлық та, атақ та қажет емес екенін, оған ең керегі – баласының жылы сөзі, немересінің құшағы және отбасының амандығы екенін айтты.

"Біз ешкімге өш емеспіз. Бізге кек керек емес. Бізге жанжал керек емес. Бізге тек атамыздың жүрегіндегі жараның жазылғаны керек", – деп жазды ол.

Жазба соңында немересі көпшілікті ата-ананы барында бағалауға, қарттарға мейіріммен қарауға шақырды.

"Бүгін ата-анамызды қадірлейік. Барында бағалайық. Жылы сөзімізді айтып үлгерейік. Ертең кеш болып қалмасын. Алла ешбір шаңыраққа мұндай сынақ бермесін", – деп түйіндеді Нұрбақыт Ақниетқызы.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер