KZNews.kz
Жаңалықтар

"Мен жүрегі ашық ене боламын": Динара Сәтжан өзінің енесі туралы айтты (ФОТО)

Қайсар Қанат
SN.kz

Танымал тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында болашақта қандай ене болғысы келетінін ашық жазды, деп хабарлайды Sn.kz.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда өз енесі оған үлкен үлгі болып отыр.

"Мен қандай ене болатынымды білемін. Менің екі бірдей үлгі тұтар адамым бар. Мен жүрегі ашық ене боламын. Жақсылығын сөзбен емес, іспен көрсететін. Шартсыз сүйетін.

Мен тарапымнан тек қолдау ғана болады. Өмірімде тағы бір Ана пайда болғанына бақыттымын. Тағы бір үлгі. Даналықтың қазынасы. Білімнің қазынасы. Оның кеңестерінде өмірлік мол тәжірибе бар. Өмірімізде болып жатқан жайттардың бәріне нақты түсіндірме береді.

Біздің Маманиды сіздер көп жылдан бері білесіздер. Ол – өте белсенді ене. Немерелерінің дүниеге келуінің көбіне қатысқан. Аналарыңызды аялап жүріңіздер. Еркелетіңіздер! Қадірлеңіздер!", – деп жазды ол.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →