KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

"Мен үшін өте ауыр жаңалық": блогер Эльмира Төлегенова отбасындағы қайғылы хабарды айтты

• Қайсар Қанат
Эльмира Төлегенова. Фото: әлеуметтік желіден

Ол әжесінің өз өмірінде ерекше орны болғанын, балалық шағы мен отбасының ажырамас бөлігі болғанын атап өтті.

"Бүгін сіздерге мен үшін өте ауыр жаңалықты жеткізгім келеді, әжем өмірден өтті. Ол менің өмірімнің, балалығымның, отбасымның және жүрегімнің бір бөлігі еді. Қазір оның енді жанымда жоқ екенін түсіну де, сөзбен жеткізу де маған өте қиын. Өмір бойы маған сыйлаған жылуы, махаббаты мен қамқорлығы үшін оған шексіз ризамын. Енді мәңгі жүрегімде қалатын барлық естеліктер үшін де алғыс айтамын.

Әжемнің рухына дұға бағыштап, дұғаларыңызда еске алуларыңызды сұраймын. Әжемнің қырқын беру рәсімі 31 қазан күні Есіл қаласында өтеді.

Кейінірек нақты ақпаратты жазамын. Әжемнің құрбылары мен таныстарының арасында келіп, көңіл білдіргісі келетіндер болса, көріп қалар деген оймен жазып отырмын", – деп жазды блогер.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →