Отырыстың соңына қарай депутаттық сауал қоюға кезек алған Назаров алдымен анасын құттықтауға рұқсат сұрады.
«Менің анамның бүгін 70 жасқа толып отырған туған күні. Сіздерді құттықтауға рұқсат етсеңіздер», – деді ол.
Депутат анасына жүрекжарды тілегін жеткізіп, әке-шешесіне ұзақ ғұмыр тіледі.
«Қадірлі анашым, Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Мен сізді қатты жақсы көремін», – деді Назаров.
Құттықтауын аяқтағаннан кейін ол депутаттық сауалын оқуға кірісті.