KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Мен ғана ма ұялып отырған": Жұлдыз Әбдікәрімованың ерекше образы жұртқа жақпай қалды

Torgyn Abushakhman

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше фотоларын көрсетіп, сынға ұшырады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі бесінші жүктілігінде барынша белсенді болатынын айтты. 

“Осы жүктілігімде өте көп фото-видео болады. Өйткені бұрынғы жүктіліктерімде тығылып жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді өткізіп алғым келмейді”, – деп жазды актриса. 

Көпшілік өнер иесінің бұл "ашық" образын қабылдай алмай, түрлі пікір жазды. 

“Мен ғана ма ұялып отырған?!”, "Адам жынды боламын десе, 1 минут екен ғой", "Мен ғана ма ұялып отырған? Атасы көріп қоймаса екен", Кезіндегі армандары шығар", Өсіріп отырған ұл-қызыңнан ұялсаңшы", "Өте жаман көрінеді екен", – деп жарыса жазды оқырман қауым. 

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова күрделі ем алып жүргенінкөрсеткен еді. 

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары