Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Мен анама не сыйлаймын?»
Автор: Баймагамбетова Самал Елеусизовна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2018-12-27
Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
«Мен анама не сыйлаймын?» Тапсырмалар:
- Өзбетінше әсер алып, өз ойымен жұмысты ойлап шығару ұсталығын өндіру.
- Қиялын, түстерін, пішіндерін және композицияларын сезінуді дамыту.
- Көркемдік шығармашылықта дербестікті, сенімділікті, талапшылдықты тәрбиелеу.
- Балалар, біздер портреттер, яғни, «Аналар күні» мерекесіне арналған біздің аналарымыздың портреттер галереясына барамыз (Топқа кіру, балалардың таң қалуы, портреттер жоқ).
- Балалар біздің галереямыз бос (Тәрбиеші үстелге жақындайды да хат табады).
- Қараңдаршы, мен үстел үстінен хат таптым, онда былай деп жазылыпты:
- Міне, біздің портреттер галереясы, аналарымыз портреттерден бізге қарап тұрады және тыңдайды, олар туралы не айтасыңдар (Балалар жауабы).
- Аналарымыз туралы қандай жақсы және нәзік сөздер айтылды. Аналарымызға не сыйлауға болады?
- Балалар, бізге қонаққа кішкентай сиқырлы пері ұшып келді де, не алып келді? (Жеті түсті гүл).
- Қалай ойлайсыңдар, бұл қандай гүл? (Балалардың жауабы: сиқырлы, ертегілі, ерекше, тамаша, алуан түсті).
- Пері: «Балалар, жақынырақ келіп, әрқайсысың өздеріңе сиқырлы гүл желегін жұлып алыңдар, көздеріңді жұмып, сиқырлы әуенмен аналарыңа сыйлап жатқандарыңды елестетіңдер. Ал сиқырлы гүл желегі сендерге көмектеседі». (Релаксация: балалар кілемге жатады, көздерін жұмады, жарық өшіріледі, П.И.Чайковскийдің «Бал-шекерлер сарайы» әуені орындалады және балалар аналарына арналған сыйларын ойша суреттейді).
- Балалар, аналарымызға тағы не сыйлауға болады, егер өзімізбен бояу болмай, сурет сала алмасақ немесе өз қолымызбен бір нәрсе жасай алмасақ? (Балалар жауабы: қуанышты күлкі, нәзік сөздер, жақсы көңіл-күй, күтім, жақсы ән, жұмсақ сүю).
>
Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.