Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа жобасы әзірленді

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің жаңа жобасы әзірленді

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мақсатында Әдеп кодексінің жаңа жобасы әзірленді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбаев кеңейтілген Алқа отырысында айтты.

«Әдеп кодексінің жаңа нұсқасында «адамға бағдарланған» мемлекеттік аппарат қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсетудегі ашықтық қағидаларының сақталуына басымдылық беретін талаптар енгізіліп отыр», дейді агенттік төрағасы.

Дархан Жазықбаев сонымен қатар агенттік барлық мемлекеттік қызметті түбегейлі ретке келтіру бойынша ауқымды жұмыс атқаруы тиіс екенін айтты. Оның ішінде жұмысқа қабылдау, қызметкерлерді басқару, жұмыстан шығу мәселелерінде оңтайландырып, жетілдіру мәселесі бар.

Автор
Еркебұлан