«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекеттік қызметке тұру кезінде қазақ тілін білуді міндеттеу жоспарланып отыр

Мемлекеттік қызметке тұру кезінде қазақ тілін білуді міндеттеу жоспарланып отыр

Мемлекеттік қызметшілерге қызметке тұру барысында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тест тапсыру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған тіл саясатын дамыту тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Мемлекеттік қызметшілер мен қызмет көрсету органдарына, т.б қызметкерлерге қызметке тұру барысында «Қазтест» жүйесі арқылы тест тапсыру заңнамалық тұрғыда міндеттелмеген. Аталған мәселені қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешу қажет етіледі, - делінген министрліктің Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжымырымдасында.

Алайда бұл ұсыныстың іске асыру мерзімі хабарланбаған.

«Қазтест» – Қазақстан азаматтарының және республика аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін, халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің қағидаттары мен талаптарына негізделген азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

Автор
Еркебұлан