Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет кейбір қазақстандықтарға коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектеседі

Мемлекет кейбір қазақстандықтарға коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектеседі
Фото: fakty.com.ua

Оның айтуынша, бұл мәселе әлеуметтік блок өкілдерімен бірлесіп талқыланып, заң аясында тұрғын үй көмегі ретінде реттелмек. Яғни, коммуналдық төлемдер айтарлықтай өскен жағдайда, табысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіледі.

«Азаматтардың кірісі жеткіліксіз болған жағдайда, отбасының жиынтық табысы есепке алынады. Әр аймақта бұл көрсеткіш әртүрлі. Егер төлем сол шектен асып кетсе, артық шығын жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Мысалы, кей өңірлерде шекті мөлшер – 10%, ал Астана мен Алматыда бұл көрсеткіш сәл жоғары болуы мүмкін. Қызылордада 5-7% деңгейінде белгіленуі ықтимал. Жалпы, егер коммуналдық төлемдер отбасының табысының 10%-ынан асып кетсе, ол сома жергілікті бюджеттен өтеледі», – деді Бозымбаев.

Вице-премьердің айтуынша, бұл тұрғын үй көмегі болашақта «әлеуметтік әмиян» жүйесіне енгізілмек.

«Әлеуметтік көмек беру кезінде белгілі бір нормативтерді ескереміз. Мәселен, үш адам 800-1000 шаршы метрлік үйде тұрса, көмек әлеуметтік нормалар шеңберінде ғана беріледі. Ал 5-6 адам үш бөлмелі пәтерде тұратын болса, онда төлемнің 100%-ы өтелуі мүмкін. Біз ең алдымен шынымен мұқтаж жандарды қолдауға басымдық береміз», – деп нақтылады ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.