"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше елдегі елшілер ауысты

Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше елдегі елшілер ауысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Президент жарлығына сәйкес, Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Албания Республикасында елші қызметін қоса атқарудан босатылды. Оның орнына Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол енді Түрікменстандағы елші қызметін атқармайды. Орнына Асқар Тәжібаев тағайындалды. Тәжібаев бұған дейін Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елші болатын.

Президент жарлығына сәйкес, бұл қызметке Уәлихан Төреханов тағайындалды.
Ауыс-түйіс барысында Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Бұл міндет Андриан Елемесовке жүктелді.

(Фото Stan.kz сайтынан алынды)

Автор
Еркебұлан