KZNews.kz
Жаңалықтар

Мектептің 35 жастағы мұғалімі өзінің оқушысынан жүкті болып қалды

Қайсар Қанат
milorad kravic / Getty Images

Жаңа Зеландияда бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді – мұғалім өз оқушысынан жүкті болып, педагогикалық қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Басылым мәліметінше, 35 жастағы әйел медициналық және мінез-құлық мәселелері бар жасөспірімдер оқитын мектепте сабақ берген. Ол 17 жастағы оқушыға ерекше көңіл бөліп, оны қолдауға тырысқан. Кейіннен мұғалім сол оқушының ресми қамқоршысы ретінде тіркеледі. Осыдан соң жасөспірім кепілмен босап, мұғалімнің үйіне көшіп барған.

Бірнеше ай өткен соң екеуінің арасында романтикалық байланыс орнап, әйел оқушысынан жүкті болған. Бұл кезде жасөспірім әлі кәмелет жасына толмаған еді.

Кейін оқушы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған арнайы орталыққа ауыстырылған. Сол жерге мұғалімнің оны іздеп барғаны белгілі болып, олардың қарым-қатынасы әшкере болған.

Мектеп басшылығы бұл оқиға жайлы мұғалімдерге арналған тәртіптік трибуналға хабарлаған. Тергеу нәтижесінде әйел өз қамқоршылық жағдайын пайдаланып, оқушымен жеке қатынас орнатқаны анықталған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары